Джо Байден Үндістаннан АҚШ-қа кіруге шектеулер қойды

Жарияланды
Малайзияда ең алғаш Үндістанда анықталған коронавирустың бір түрі табылды

Малайзияда ең алғаш Үндістанда анықталған коронавирустың бір түрі табылды. Дәрігерлер бұл вирусты Куала-Лумпур әуежайында тестілеу кезінде Үндістан азаматынан анықтады. Бұған дейін Малайзия билігі Үндістанмен көлік қатынасын толығымен тоқтатқан болатын. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Албания билігі Ресейдің «Спутник V» вакцинасын тіркеді, препараттың алғашқы партиясы елге жеткізілді. Албания Ресей вакцинасын қолдануға рұқсат етілген 64-ші ел болды.

АҚШ президенті Джо Байден Үндістаннан АҚШ-қа кіруге шектеулер қойды.  Соңғы екі аптада Үндістанда болған шетелдіктер 4 мамырдан бастап елге кіре алмайды.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны бойыншаТүркия әлемде 5 – ші орынға шықты-  4,87 миллионнан астам жағдай. 

Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандардың тәуліктік өсімі бойынша жаңа антирекорд тіркелді-3 689 жағдай.
 

Сондай-ақ оқыңыз