1 view

Үндістанда бір тәулікте 200 мыңнан астам адам індет жұқтыруды

Бір күнде коронавирустың салдарынан 1000-нан астам адам қайтыс болды

Фото: Анадолу сайты

Үндістанда пандемия басталғаннан бері коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны бойынша  күн сайынғы рекордтық өсімі тіркелді. Бұл туралы Анадолу сайты  Азия елінің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап  хабарлайды.

Соңғы тәулікте Үндістанда коронавирустық инфекцияның 200 739 жаңа жағдайы тіркелді, олардың жалпы саны 14 074 564-ке жетті.

Бұл елде коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы 2020 жылы 30 қаңтарда тіркелген.

Соңғы тәулікте Үндістанда коронавирустың салдарынан 1038 адам қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері қайтыс болғандардың жалпы саны 173 123-ке жетті.


Worldometers мәліметтері бойынша Үндістан әлемде инфекция жұқтырғандар  саны бойынша екінші орында, ал коронавирусқа байланысты өлім деңгейі бойынша төртінші орында.

Үндістанда халықты коронавирустың жаңа түріне қарсы егу науқаны жалғасуда.

Үндістан халқының саны шамамен 1,4 млрд.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер