Үндістан ауруханаларында төсек-орын мен дәрі-дәрмектер жетіспеуде

Жарияланды
Швейцария да бірқатар шектеу шараларын жеңілдетілді

Үндістан ауруханаларында төсек-орын мен оттегі қоры және қарапайым дәрі-дәрмектер жетіспеуде. Дели қаласында алты күндік локдаун жарияланды. Өйткені қалада өткен 24 сағат ішінде 273,8 мың адам індетті жұқтырып тәуліктік сырқаттанушылықтың жаңа рекордтық көрсеткішін көрсетті. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram  каналы хабарлады.

Канаданың Онтарио провинциясында аурудың күрт өсуі байқалған. Елдің Премьер-министрі бұл жағдайдың алаңдатарлық дамуы екенін жеткізді. Провинцияға қосымша аурухана жабдықтары мен медициналық қызметкерлер жіберіледі. 

АҚШ билігі вакцинация науқанының маңызды кезеңін атап өтті: Елде ересектердің жартысы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алған – бұл шамамен 18 жастан асқан 130 миллион адам. ⠀

 Жазғы демалыс маусымы қарсаңында Греция толық вакцинациядан өткен немесе теріс тест көрсеткен ЕО, Ұлыбритания және АҚШ азаматтары міндетті апталық карантиннен босатылады деп мәлімдеді. ⠀

 Таиланд билігі апталық сырқаттанушылықтың рекордтық көрсеткіштерінен кейін статистиканың аздап төмендегенін атап өтті. Соңғы тәулікте елде тек 1390 адам ауырып қалды, бұл жергілікті дәрігерлердің айтуынша, оптимизмді тудырады. Соңғы уақытта күнделікті көрсеткіштер 1700 адамнан төмен болмаған. ⠀

 Португалияда мейрамханалар, сауда орталықтары, мектептер мен университеттер ашылады. Билік шектеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелерін және басқа эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау өте маңызды екенін жеткізді. Бұзушылықтар үшін үлкен айыппұлдар қарастырылған.

⠀ Швейцария да бірқатар шектеу шараларын жеңілдетілді. Мейрамханалар мен кафелер ашық террассаларда клиенттерге қызмет көрсетуге оралды, кейбір спорт нысандары ашылды, студенттер дүйсенбіден бастап күндізгі оқуға оралады. ⠀ 

 Словенияда қызмет көрсету саласының едәуір бөлігі, оның ішінде мейрамханалар мен сұлулық салондары қайта ашылуда. Черногорияда дүйсенбіден бастап оқушылар мектептеріне оралады.
 

Сондай-ақ оқыңыз