Швецияда Өзбекстан елшілігі ашылады

Жарияланды
Тиісті жарлыққа Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Швецияда Өзбекстанның дипломатиялық өкілдігін құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Анадолу сайты CentralAsia (UZ) сілтеме жасап.

Елшіліктің қызметі Швециямен де, қалған Скандинавия мемлекеттерімен де екіжақты қатынастарды дамытуға және практикалық өзара әрекеттесуге бағытталатын болады.

Басымдық міндеттердің қатарына серіктестік қатынастарды нығайту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, жетекші еуропалық компаниялардан инновациялар, инвестициялар мен технологияларды тарту. Сондай-ақ білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы Скандинавия тәжірибесін енгізу бойынша ұсыныстарды терең зерттеу және әзірлеу жатады.

 

Сондай-ақ оқыңыз