Испания билігі маусым айында елде «жасыл төлқұжаттар»дайын болады деп мәлімдеді

Жарияланды
Швецияда коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларының саны өсуде

Францияда пандемия басталғалы коронавирустан қайтыс болғандардың саны 100 мыңнан асты. Осылайша, мемлекет қайғылы белгі бойынша әлемдегі сегізінші орынға ие болды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми  Telegram каналы хабарлады.

Швецияда коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларының саны өсуде. Соңғы уақытта реанимация бөлімшелеріне пандемияның алдыңғы кезеңдеріне қарағанда пациенттер көп түсуде. Өткен аптада елде Еуропалық мемлекеттер арасындағы жан басына шаққанда COVID-19 инфекциясының ең көп саны тіркелді. Ел билігі бұл көрсеткіштердің  азаматтарды белсенді тестілеуінің нәтижесі болуы мүмкін екендігін жеткізуде. ⠀

 Испания билігі маусым айында елде «жасыл төлқұжаттар»дайын болады деп мәлімдеді. Бұл сандық сертификаттарда коронавирустық вакцинация туралы ақпарат, жақында алынған ПТР тестінің теріс нәтижелері және құжат иесі COVID-19-дан зардап шеккені туралы ақпарат болады. ⠀ 

Израиль әлемге дағдарыстан шығудың үміт бейнесін сәтті вакцинация арқылы көрсетіп отыр. Таяу Шығыстағы бұл елде халықтың жартысынан көбі вакцинацияланған. Мемлекетте шектеу шаралары жеңілдетілмек, бір айдан кейін туристерді қабылдау басталып, ал бейсенбіде олар тәуелсіздік күні мерекесін көңілді және маскасыз атап өткен.

Сондай-ақ оқыңыз