Чехия жыл басынан бері алғаш рет шектеу шараларын жеңілдетпек

Жарияланды
Фермерлік базарлар, хайуанаттар бағы мен ботаникалық бақтар ашылады

Британия билігі мемлекетте орын алған ауыр эпидемиологиялық жағдай кезінде енгізілген шектеу шараларын жеңілдетпек. Пабтар мен мейрамханалар келушілерді тек ашық ауада қабылдай алады. Азық-түлік дүкендерімен бірге, басқа да дүкендер жұмыс істей бастайды, сонымен қатар спорт залдары, бассейндер мен кітапханалар, сұлулық салондары ашылады.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

 Чехия жыл басынан бері алғаш рет шектеу шараларын жеңілдетпек. Бастауыш мектептері мен көптеген дүкендер, фермерлік базарлар, хайуанаттар бағы мен ботаникалық бақтар ашылады.

Италияның тағы бес аймағы – Калабрия, Эмилия-Ромагна, Ломбардия, Пьемонт және Тоскана – эпидемиологиялық ахуалы қауіпті  қызыл аймақ деңгейінен қалыпты, қызғылт сарыға ауыстырылды. 

Нидерланды үкіметі коменданттық сағат және басқа да шектеу шаралары кем дегенде 28 сәуірге дейін сақталады деген ұйғарымға келген, өйткені күнделікті індетті жұқтыру саны екі апталық максимумға жеткен. Бұған дейін билік коменданттық сағат пен ашық аспан астындағы мейрамханаларға баруға тыйымды алып тастап, 21 сәуірден бастап шектеу шараларын жеңілдетуді қарастырған болатын.

 

Сондай-ақ оқыңыз