АҚШ-та көшеде бетперде кию талабы алып тасталынуы мүмкін

Жарияланды
Тек вакцина салдырған адамдар үшін

Үндістандағы жағдай күннен күнге ушыға түсуде, қалалық автотұрақтар крематорий ретінде пайдалануға берілуде. Халықаралық қауымдастық  қатаң шектеу шараларының жеткіліксіздігі бойынша Үкіметті сынға алды. Қазір Делиде ең көп зардап шеккен 150 аймақта локдаун енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

АҚШ-та вакцина салдырған адамдар үшін көшеде бетперде кию талабы алып тасталынуы мүмкін. Президент Джо Байден бұл қадам елдің вирусқа қарсы күресте дұрыс шешім жасағандығының тағы бір дәлелі екенін айтты.

Испания билігі маусым айынан бастап денсаулық сақтау сертификаттарының сандық жүйесін енгізу арқылы шетелдіктерге елге кіруге рұқсат беруді жоспарлап отыр. Мұндай жоспар Хорватия мен Португалияда да талқылануда.

Греция дүйсенбіден бастап жеті елден келген азаматтарға міндетті карантинді алып тастады. Алайда эпидемиологтар бұл тым қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді және билікті шетелдіктерді тексеру үшін кем дегенде жеңілдетілген шаралар қабылдауға шақырады.

Британияда вакциналаудан кейінгі COVID-19 инфекциясының жұқпалылығына жүргізілген тереңдетілген зерттеулер екпе қабылдағаннан кейін бір дозаның өзі жанұя мүшелеріне вирус жұқтыру қаупін бірнеше есе төмендететіндігін көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, бұл нәтижелер инфекция таралуына қарсы күресте вакцинаның өте маңызды екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

 Кипр 10 мамырдан бастап вакцинацияның толық курсынан өткен 65 елдің азаматтарына елге еркін кіруге рұқсат береді. Ол үшін вакцинаның екі дозасын алғанын растайтын құжат болуы қажет.
 

Сондай-ақ оқыңыз