АҚШ өз азаматтарына саяхаттауға кеңес бермейтін елдердің тізімін толықтырмақ

Жарияланды
Бұл тізімге әлемнің 80% мемлекетері кірмек

Үндістанда коронавирус инфкуциясын жұқтырған 1761 науқас қайтыс болды. Елде қатаң локдаун енгізілді, бірқатар өңірлерде ауруханаларда төсек-орын, оттегі мен дәрі-дәрмек жетіспейді. Елде инфекцияның таралуы рекордтық деңгейге жетті – соңғы тәулікте КВИ-дің 259 мың жаңа жағдайы тіркелді. Бұл әлемдегі бір күнде тіркелген жағдайлар бойынша ең жоғарғы көрсеткіші. . Бұл туралы  ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті өз азаматтарына саяхаттауға кеңес бермейтін елдердің тізімін толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл тізімге әлемнің 80% мемлекетері кірмек. Бүгінгі таңда COVID-19-ға байланысты баруға ұсынылмаған елдердің тізімінде 34 мемлекет бар, оның ішінде Косово, Чад, Аргентина және Ресейде орналасқан.

Қытайдың континенттік бөлігінде бір тәулік ішінде 16 КВИ жұқтыру оқиғасы анықталды және бірде-бір өлім жайты тіркелген жоқ. ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, инфекцияның барлық жағдайлары шетелден әкелінген.

Германияның социал-демократиялық партиясының сарапшысы, эпидемиолог Карл Лаутербах ел билігін мамыр айының соңына дейін «соңғы қатаң локдаун» енгізуге шақырды. Бұл жағдайда саясаткердің пікірінше, пандемиядан туындаған инфекциялар мен өлім санының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге болады. Лаутербах Израильдің мысалына сілтеме жасады, оның айтуынша, ел халқының жартысы коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны алған кезде мұндай әсерге қол жеткізуге болатындығын көрсетеді. Германияда оның есептеулері бойынша бұл көрсеткішке алты аптадан кейін қол жеткізіледі.
 

Сондай-ақ оқыңыз