Италияда мектептер мен дүкендер қайта жабылады

Жарияланды
Жаңа локдаунға дайындалуда

Италияда мектептер мен дүкендер қайта жабылады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Италия, өткен жылы коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулерді жариялаған алғашқы елдердің бірі, жаңа локдаунға дайындалуда. Коронавирустың келесі таралу қаупіне байланысты 15 наурыздан бастап Италияда мектептер, мейрамханалар, дүкендер мен мұражайлар жабылады. Католиктік Пасха мейрамы уақытында шектеулер өз күшінде қалады. 

Ал Нью-Йоркте коронавирус инфекциясы расталған алғашқы адамның қайтыс болуынан бір жыл өткен соң, мегаполисте пандемияның 30 мыңнан астам құрбандары үшін аза тұту мемориалдық шарасы өтті. Нью-Йорк қаласы 2020 жылдың көктемінде АҚШ-тағы COVID-19 эпицентрі атанған болатын.
 

Сондай-ақ оқыңыз