Жозеп Боррель Ресейден Навальныйды босатуды талап етті

Жарияланды
Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель Лавровпен кездесу кезінде үндеу жасады

Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жосеп Боррель түрмеге отырған Ресей оппозициясы жетекшісі Алексей Навальныйды босатуға шақырды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Еуропалық дипломатияның басшысы ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен бірлескен конференцияда тиісті үндеу жасады.

 «Мен Лавровпен кездесуде кезінде  Навальныйдың түрмеге қамалуына қатты алаңдаушылық білдірдім. Сонымен қатар, оның улануына қатысты тергеу жүргізуді сұрадым», – деді Боррель.

Еуропалық Одақ пен Ресей арасындағы қатынастарға түсініктеме бере отырып, еуропалық дипломатияның басшысы көптеген мәселелер бойынша келіспеушіліктер болғанын мойындады.

 «Соңғы жылдары біздің қарым-қатынастарымыз елеулі келіспеушіліктермен, өзара сенімсіздікпен ерекшеленетінін мойындау керек. Осы кезеңде Брюссель мен Мәскеу бірін-бірі серіктес емес, бәсекелес ретінде көреді », – деді Баррель.

 

Сондай-ақ оқыңыз