Иран Иракпен шекарадағы өткізу пункттерін жауып тастаған

Жарияланды
Ұлыбританияда табылған COVID-19-дың нұсқасының таралуына жол бермеу мақсатында

Австралия тұрғындарына COVID-19 қарсы вакцина егуді бастамақ. Бірінші вакцина Екінші дүниежүзілік соғысының ардагеріне жасалды. Кең ауқымды вакцинация науқаны 22 ақпанда басталады. 25 миллион халқы бар мемлекетте COVID-19-ды шамамен 29 мың адам жұқтырған, олардың 900-ден астамы қайтыс болған, 26 мыңнан астамы сауығып шыққан. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон елдің барлық ересек тұрғындарына шілде айының аяғына дейін COVID-19-қа қарсы вакцина жасату ұсынылатынын мәлімдеді. Үкіметтің вакцинацияны жеделдету жоспарына сәйкес мұндай ұсыныс 15 сәуірге дейін 50 жастан асқан барлық адамдарға жетеді деп болжануда. Елде вакцинация науқаны 2020 жылдың 8 желтоқсанында басталған, 17,24 миллион тұрғын вакцинаның алғашқы дозасын алса, 605 мыңға жуық адам вакцинаның екінші дозасын алған.

Неміс шекарашылары 15 ақпаннан бастап, яғни елдің шекара бекеттерінде қатаң бақылау орнатылған уақыттан бастап 4 522 адамды Германияға кіргізбеген. Басты себеп, келушілердің қолында коронавирустың теріс нәтижесі көрсетілген ПТР сынағының анықтамасы болмауында болған.

Иран Иракпен шекарадағы өткізу пункттерін Ұлыбританияда табылған COVID-19-дың нұсқасының таралуына жол бермеу мақсатында жауып тастаған. Тегеран аталған мутация көрші мемлекеттен елге енген деп есептейді.

Ирландия Премьер-министрі Микол Мартин елде қонақүйлер мен гастрономия саласындағы кәсіпорындардың жұмысы жазға ашылмайтындығын мәлімдеді. Барлар, мейрамханалар, кафелер мен қонақүйлер соңғы 12 айдың көп бөлігінде жұмыс істемеген. 5 миллион тұрғыны бар Ирландияда COVID-19 214 мыңнан астам адамда анықталған, 4 135 адам қайтыс болған.

Швецияда COVID-19-дың Бразилиялық нұсқасын жұқтыру жағдайлары анықталған. Ел билігінің хабарлауынша, COVID-19-дың аталған мутациясы төрт адамда тіркелген. Жұқтырғандардың ешқайсысы жақын арада Бразилияға бармағандықтары анықталған. Билік жұқтыру тізбегін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін Швецияда Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкадан табылған COVID-19-дың мутацияларын жұқтыру жағдайлары тіркелген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз