Ердоған: Түркияның мақсаты – жол қозғалысы құрбандарының санын нөлге дейін азайту

Жарияланды
Түркия жолдағы өлім-жітімді 50 пайызға азайту мақсатына қол жеткізген әлемдегі екі елдің бірі

Ердоған: Түркияның мақсаты – жол қозғалысы құрбандарының санын нөлге дейін азайту.  Түркия Президенті Жол қауіпсіздігі жөніндегі іс-қимыл жоспарының таныстырылымында сөз сөйледі. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Түркия жолдағы өлім-жітімді 50 пайызға азайту мақсатына қол жеткізген әлемдегі екі елдің бірі.

Мемлекет басшысы азаматтарды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

 «Түркияның мақсаты – жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын апаттар мен қаза болғандардың санын нөлге дейін азайту», – деді Ердоған.

Мемлекет басшысы жаяу жүргіншілердің, мотоцикл жүргізушілерінің, велосипедшілердің, мүгедектер мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Түркияда жол қауіпсіздігінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

 

Сондай-ақ оқыңыз