АҚШ коронавирустан қайтыс болғандарды бес күн аза тұтады

Жарияланды
АҚШ-та 500 071 науқас коронавирустан қайтыс болған

АҚШ президенті Джо Байден коронавирустан қайтыс болған америкалықтарға бес күндік аза тұту жариялады. АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны жарты миллионнан асты, деп мәлімдеді брифингте мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Джен Псаки. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Оның айтуынша, АҚШ жалаулары бес күнге түсіріледі.

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметінше, АҚШ-та 500 071 науқас коронавирустан қайтыс болған. Америка көшбастап тұр. АҚШ-та жалпы 28 миллионнан аса коронавирус жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз