Жапаров: Қырғызстан Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Жарияланды
Мемлекет басшысы Жансейіт Түймебаевқа ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін алғыс айтты

Қырғызстан Қазақстанмен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, инвестициялық байланыстарды кеңейтуге дайын және мүдделі. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Бішкекте Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы өкілі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде айтты.

Президент Садыр Жапаров қырғыз бен қазақ халқының тату көршілігі әрдайым нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Жансейіт Түймебаевқа ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін алғыс айтты және ақ тілектерімен Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлем жолдап, оның екі бауырлас халықтар арасындағы қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Жансейіт Түймебаев өз кезегінде Қырғызстанға Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен келгенін баса айтты.

Ол қазақстандықтардың бауырлас қырғыз халқының тағдыры мен Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтынын атап өтті.

Ол сондай-ақ екіжақты қатынастарды тереңдету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.
 

Сондай-ақ оқыңыз