Трамп Ақ үйден кетті

Жарияланды
Обама Байденді құттықтайды

Дональд Трамп пен әйелі Ақ үйдегі кеңсені босатты, деп хабарлайды BBC сайты.

Трамп Джо Байденнің инаугурациясына қатыспайтынын мәлімдеді.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы Ақ үйдің ауласының ішінде көгалға қонды. Бұл өте ерекше жағдай. 
Ақ үйден аттанған Дональд Трамп Мэриленд штатындағы Эндрюс әуе базасына келді. Қазір ол жақтастарының алдында сөз сөйлеп, содан кейін Флоридаға ұшып кетеді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Байденді ұлықтау рәсімімен құттықтады.

Ол өзінің твиттер парақшасында  «Сіздің уақытыңыз келді» деп жазды.

 

Сондай-ақ оқыңыз