Садыр Жапаров президент ретінде қызметіне кірісті

Жарияланды
Жаңа мемлекет басшысы қырғыз халқына адал болуға ант берді

Жаңа сайланған президент Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі Қырғыз ұлттық филармониясында өтті.Бұл туралы 24 kg сайты хабарлады.

ОСК төрағасы Нұржан Шилдабекова кезектен тыс президенттік сайлауда Садыр Жапаровтың жеңіске жеткендігі туралы қаулыны оқып берді.

Сайланған президент қырғыз халқына адал болуға ант берді. Ол мемлекет басшысы ретінде Құдай мен халықтың алдында әділ басқаратынын, адам құқығын қорғайтынын және Конституция нормаларын сақтайтынын атап өтті.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Садыр Жапаровқа президент куәлігін сыйлады. Залда Қырғыз Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.

 

Сондай-ақ оқыңыз