ДДҰ сарапшыларын Қытайға кіргізбеді

Жарияланды
Олар коронавирустың шығу тегін зерттеп жатыр

Коронавирустың шығу тегін анықтауға ниет білдірген ДДҰ мамандарына Қытайға кіруге рұқсат берілмеген. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

 Қазіргі уақытта екі сарапшы жолға шыққан болатын. Бірақ ДДҰ-ның мәлімдеуінше, визалық мәселелерге байланысты елге кіре алмады.

Олар вирус 2019 жылдың соңында алғаш рет анықталған Уханға келуі керек еді. 

Ұзақ айлар бойы жүргізілген келіссөздерден кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылығы Қытай билігімен бұл сапар туралы желтоқсан айында келіскен болатын.

Осы ұйымның басшысы Тедрос Гебреисустың айтуынша, ол екі маманның Уханьға кетіп бара жатқанын ескере отырып, Пекинге кіруге рұқсат бермегеніне қатты ренжіді.

 «Мені Қытай халықаралық сарапшылардың ерте келуі үшін өзінің ішкі процедураларын жеделдетіп жатыр деп сендірді», – деді ДДҰ басшысы Женевада өткен баспасөз конференциясында.

Ол қытайлық жоғары дәрежелі дипломаттармен үнемі байланыста болғанын қосты.

Сейсенбіде команданың алғашқы екі мүшесі Қытайға сапар шекті, бірақ олардың біреуі кері жіберілді, ал екіншісі әлі үшінші елде, деп хабарлайды Reuters ДДҰ төтенше жағдайлар министрі Майк Райанға сілтеме жасап.

 

Сондай-ақ оқыңыз