Латвияда зейнет жасына жетіп, зейнетке шықпауға да болады

Жарияланды
Латвия азаматтары зейнетке 62 жастан шығады

Латвия азаматтары зейнетке 62 жастан шығады, алайда 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жыл сайын 3 айға ұлғаюда – және 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлік жас 65 жасқа жетеді. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның ресми телеграм арнасы хабарлады.  

Латвияда 3 деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді: қорға жатпайтын мемлекеттік міндетті зейнетақымен қамсыздандыру, қорға жататын мемлекеттік қаржыландырылатын зейнетақы, жеке ерікті зейнетақы.

 
Егер салымшының сақтандыру өтілі кемінде 30 жыл болса, онда ол жалпы зейнетақы жасынан екі жыл бұрын зейнетке шыға алады. 

Зейнет жасына жетіп, зейнетке шықпауға да болады. 

Зейнетақы мөлшері сақтандыру өтіліне, әлеуметтік сақтандыру жарналарына, сондай-ақ, адамның зейнетке шыққан жасына байланысты болады 

Сондай-ақ оқыңыз