Италияда Этна жанартауы атқылады

Жарияланды (жаңартылды )
Этна - Еуропадағы ең ірі жанартау

Италияның Сицилия аралындағы Этна жанартауы қайта атқылады. Отты тау ыстық шоқ шығарып, аспанға 5 шақырымға дейін күл шашқан. Бұл туралы 24 kz сайты хабарлады.

Атқылаудан қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Жергілікті билік тауға жақын жатқан қалаларға еш қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

Этна – Еуропадағы ең ірі жанартау. Биіктігі 3 мың 330 метрдей болатын отты тау әр үш ай сайын оянып, атқылап тұрады.

Соңғы рет Этнаның қатты атқылауы 1969 жылы болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз