Brent маркалы мұнай бағасы 50 доллардан асты

Жарияланды
WTI маркалы мұнай барреліне 46,9 доллар

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың жеткізілім құны 2020 жылғы ақпанда алдыңғы сауда-саттықтың жабылуымен салыстырғанда 2,48% өсіп, барреліне 50,07 долларға жетті, деп хабарлайды  ТАСС агенттігі.

Соңғы рет мұнайдың осы түрінің бағасы барреліне 50 доллардан үстіміздегі жылдың 6 наурызында болған. Брент маркалы мұнай ICE барреліне 50,15 доллардан сатылды (+ 2,64%). Сонымен бірге WTI маркалы мұнай барреліне 46,9 доллардан сатылды (+ 2,58%).
 

Сондай-ақ оқыңыз