Түркияның батысында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 85-ке жетті

Жарияланды
994 адам жарақат алды

Түркияның батысындағы Измир провинциясында жер сілкінісі құрбандарының саны 85-ке дейін өсті, ал 994 адам зардап шекті.Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

 «Жер сілкінісі құрбандарының саны 85, жарақат алғандар – 994. 774 адам ауруханадан емделіп шыққан», – деп хабарлады министрлік.

220-ға жуық адам медициналық мекемелерде қалып, медициналық көмек алуда.

Измирдегі қираған және қатты зақымдалған сегіз ғимарат орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

 

Сондай-ақ оқыңыз