Малайзияда медициналық қолғап шығаратын зауыттар жабылып жатыр

Жарияланды
Зауыт жұмысшыларынан жаппай індет анықталуда

Әлемдегі медициналық қолғап шығаратын ең ірі Top Glove кәсіпорнының жатақханалары карантинге жабылды, деп хабарлайды Хабар 24. 

Малайзиялық медициналық қолғап шығаратын зауыттадың 5767 жұмысшысы коронавируске тест тапсырды. Олардың  2 мыңнан астамынан індет анықталған.

Қазір жатақханаларға кіреберістерге полиция мен әскер қатаң күзет қойды. Жалпы Малайзия үкіметі 28 зауытты кезең-кезеңімен жабатынын ескертті. 

Әлемдегі резеңке қолғаптың 25%-ін шығаратын Top Glove биыл қыруар табысқа ие болды.

 

Сондай-ақ оқыңыз