Әлемде індетті жұқтырғандар саны 59,5 миллионнан асты

Жарияланды
COVID-19 салдарынан планетада 1 402 миллионнан астам адам қайтыс болды

Жаңа коронавирустық инфекцияны (COVID-19) жұқтырғандар саны әлем бойынша 59,5 миллионнан асты. Бұл туралы Анадолы сайты хабарлады.

Worldometer веб-сайтынан алынған жаңартылған мәліметтерге сәйкес, қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың саны 59 515 380-ге жетті.

COVID-19 –дан 1 402 032 адам қайтыс болды, 41 157 160 адам індеттен жазылды.

COVID-19 жұқтыру және өлім жағдайларының ең көп саны АҚШ-та тіркелді. Штаттарда коронавирус 12 777 174 адамнан анықталған. АҚШ-та коронавирус салдарынан 263687 адам қайтыс болды.

Одан кейін Бразилия (169 541), Үндістан (134 254), Мексика (101 926), Ұлыбритания (55 230), Италия (50 453), Франция (49 232), Иран (45 255), Испания (43 131), Аргентина (37,122) және Ресей (36,540).

 

Сондай-ақ оқыңыз