Қытай газды АҚШ-тан жеткізетін болды

Жарияланды
Бұл сауда соғысы басталғаннан бері алғаш рет

Қытай Америка Құрама Штаттарымен сауда соғысы басталғаннан бері алғаш рет американдық экспорттаушыдан сұйытылған табиғи газ (СТГ) сатып алу туралы келісімге қол қойды, деп жазады Bloomberg.

Foran Energy Group АҚШ-тың Cheniere Energy өндірушісімен 2021 жылдан 2025 жылға дейін 26 жеткізілім үшін негіздік келісімге қол қойғанын мәлімдеді.

 Мәміле Шанхайдағы жыл сайынғы сауда конференциясы кезінде жасалды. Жеткізу бағасы АҚШ-тағы Henry Hubтың эталонына сәйкес келеді.

 

Сондай-ақ оқыңыз