Данияда фермерлер 15 миллион күзенді жоюға қарсылықтарын білдіруде

Жарияланды
Билік бұл шешімді індеттін басқа түрінің таралуын тоқтату мақсатында қабылдады

Испания – шамамен 1,5 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 42,5 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ел билігі енгізілген шектеулердің жұмыс істейтінін мәлімдеді (коменданттық сағат және аймақаралық сапарларға шектеу). Мемлекетте соңғы екі апта ішінде күнделікті көрсеткіштердің тұрақты төмендеуі байқалуда. Бұл туралы  ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Грецияда, керісінше, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өсуде. Салоникиде, елдің екінші үлкен қаласының ауруханаларында орын қалмаған, денсаулық сақтау қызметтері төтенше жағдайда жұмыс істеуде, ең нашар сценарийдің орын алуының мүмкіндігі жоғары деген қорқыныш өсуде.

Сербияда соңғы айда COVID-19  жұқтырғандардың саны күрт өстуде. Өткен жұмада коронавирус инфекциясының 6200 – ден астам жаңа жағдайы тіркелді – бұл бір ай бұрынғыға көрсеткішке қарағанда 18 есе жоғары. Сербия православ шіркеуінің басшысының COVID-19 қайтыс болуына байланысты елде үш күндік ұлттық аза тұту жарияланған.

Данияда фермерлер мен мал өсірушілер биліктің коронавирустың басқа түрінің таралуын тоқтату мақсатында 15 миллион астам күзенді  жою туралы шешіміне қарсылықтарын білдіруде
 

Сондай-ақ оқыңыз