Чили мен Куба туристерді қабылдауға дайындалып жатыр

Жарияланды
Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан барлық елдердің азаматтары Чилиге кіре алады

15 қарашадан бастап Куба аралындағы Хосе Марти атындағы халықаралық әуежай коммерциялық, тұрақты және чартерлік рейстерді қайта жандандырмақ, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz Cubadebate басылымына сілтеме жасап. 

Жолаушыларды коронавирусқа әуежайдың халықаралық терминалдарында ПТР-тестілеу әдісімен тексереді.

Санитарлық хаттамалардан өту үшін қосымша шығындарды өтеу мақсатында келушілерден ақшалай тариф алынады.

Желтоқсаннан бастап Чили туристерді қабылдауға дайындалып жатыр. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Шекараларды ашудың нақты күні әлі белгісіз.

Traveloffpath порталының мәліметінше, эпидемиологиялық жағдайға қарамастан барлық елдердің азаматтары Чилиге кіре алады. Туристер Чилиге келгенге дейін 72 сағат бұрын алынған ПТР тестінің теріс нәтижесін беруі керек. Міндетті 14 күндік карантиннен өту қажет емес. Мұндай анықтамасыз келгендер карантинге жіберіледі.

Чили билігі туристерге инфекцияның таралу қаупін азайту үшін бақылау мобильді қосымшасын орнатуды ұсынады. Ұшу алдында туристерге декларацияны толтыру қажет.
.

 

Сондай-ақ оқыңыз