Англияда үш балдық шектеу жүйесі енгізіледі

Жарияланды
Билік шектеу шаралары қыста қатаң болатынын ескертті

Англияда үш балдық шектеу жүйесі енгізіледі.  2 желтоқсанға дейін елде локдаун режимі сақталады. Бұдан әрі әрбір өңірде эпидемиологиялық ахуалға байланысты әртүрлі дәрежедегі шектеулер шаралары енгізілетін болады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Мысалы, қауіптіліктің ең жоғары үшінші деңгейіне тамақтану объектілерінің тоқтатылуы және COVID-19 жаппай тестілеуі жатады.

Екінші деңгейлі аймақтарда мейрамханалар жұмыс істейді, бірақ тек 23:00-ге дейін. Сонымен қатар, ашық ауада жаттығуға рұқсат етіледі.

Қауіптілік деңгейі төмен аймақтарда британдықтар спорттық іс-шараларды тамашалай алады, бірақ көрермен санына шектеу қойылады.

Күзде Англияда карантиннің үш деңгейілі жүйесі болды, бірақ ел билігі шектеу шараларының қысқы нұсқасы қатаң болатынын ескертті.
 

Сондай-ақ оқыңыз