1 view

Ұлыбритания мен Италияда коронавирустан қайтыс болғандар көбейді

Ұлыбританияда 367 адам қайтыс болды

Фото: Shutterstock

Ұлыбританияда мамыр айынан бастап COVID-19 инфекциясымен ауыратын адамдардың өлім-жітімінің рекордтық өсімі тіркелді, жұқтырғандар ішінен 367 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, мұнда тәулігіне COVID-19 инфекциясының 22 мың 885 жағдайы анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Италияда бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 221 адам қайтыс болды. Бұл 15 мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, 27 қазанда коронавирус жұқтырған 21 мың 944 адам анықталды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 5 мың жағдайға көп.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, дүйсенбіден бастап Италия үкіметі шектеулерді күшейтті. Елдегі барлық кинотеатрлар, театрлар және спорт залдар мен бассейндер жабық тұр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif