Ресейде бір тәулікте 10 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды

Жарияланды
Мамыр айынан бері алғаш рет орын алып отыр

Ресейде мамыр айынан бері алғаш рет бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 10 000 асты, – деп хабарлайды bbc.com сайты. 

Соңғы бір тәулікте Ресейде 10 499 адамнан COVID-19 анықталған, 107 науқас қайтыс болған. Ал 3 284 адам аурудан жазылған. Індет жұқтырғандардың ең көбі Мәскеу қаласында тіркелді. Ол 3327 (бұл мамыр айының ортасынан бастап санағанда), Санкт-Петербург – 392 және Мәскеу облысында – 296 жетті.

Ресейде 1 215 001 адам коронавирус жұқтырды. 

Сондай-ақ оқыңыз