Ресейде бетперде режимі жарияланды

Жарияланды
Қоғамдық орындар мен таксилерде, лифтте маска тағу міндеттелді

Ресейде бетперде режимі жарияланды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Ресей Федерациясының аумағында қоғамдық орындар мен көліктерде, таксилерде, автотұрақтарда және лифттерде қорғаныс бетперделерін міндетті түрде кию режимі енгізіледі.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының субъектілерінің басшылығына ойын-сауық және қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсетуді сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін тыйым салу ұсынылды.

Ресейдің Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында тәуекел тобына жататын адамдарды қорғауға бағытталған шараларды күшейту қажеттілігі туралы айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз