Минскіде Лукашенко режиміне қарсы митинг өтті

Жарияланды
Наразылық акциясына 15 мыңға жуық адам қатысты

Беларусьте Александр Лукашенко режиміне қарсы кезекті наразылық акция өтті. Бұл Минскідегі 71-ші наразылық акциясы екен. Жексенбіде полиция наразылық митингісінде аспанға резеңке оқ атқан. Бұл туралы РБК хабарлады.

Минск қалалық атқару комитеті ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, демонстранттар оларға тас лақтырған кезде полиция резеңке оқпен аспанға бірнеше ескерту оқ атқан.

Құқық қорғау орган қызметкерлері мен штаттық киімдегі адамдар қала орталығына қарай жылжыған наразы топты бір-бірлеп ұстап, жылжуына кедергі жасаған. Акцияға 15 мыңға жуық адам жиналды. Оның 150 ұсталды. 

Сондай-ақ оқыңыз