Мансабын аяқтаған Хабиб Нұрмагомедов алдағы жоспарымен бөлісті

Жарияланды
Ол жас буынның жаттықтырушысы ретінде оралуы мүмкін

Чемпион атағын қорғағаннан кейін мансабының аяқталғанын жариялаған Хабиб Нурмагомедов жақында жас буынның жаттықтырушысы ретінде оралуы мүмкін, деп хабарлайды «Р-Спорт».

Біз шыңға ораламыз. Жақында, – деді спортшы 2012 жылдан бері Нурмагомедовтың екінші жаттықтырушысы болған Хавьер Мендестің Instagram-да жариялаған видеосында.

Хабиб Нурмагомедов сенбіде Абу-Дабидегі UFC чемпиондық жекпе-жегінде американдық Джастин Гэтжиді жеңді. 32 жастағы Нурмагомедовтың еншісінде аралас жекпе-жекте 29 жеңіс бар, оның 13-і UFC-де.

Жекпе-жектен кейін спортшы бұл UFC-дегі соңғы жекпе-жегі екенін мәлімдеген болатын.

 

Сондай-ақ оқыңыз