Британдық еріктілер коронавирус инфекциясын өз еркімен жұқтыруға дайын

Жарияланды
Үкімет зерттеу жұмыстарына шамамен 43,5 миллион доллар бөлді

Коронавирусқа сынақ вакцинасын алған 18-30 жас аралығындағы 90 британдыққа әдейі мұрын арқылы вирусты  жұқтырады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Қатысушылардың қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болады, еріктілердің жас болуы және олардың жағдайын тәулік бойы бақылау қосымша кепілдік болады, дейді тест ұйымдастырушылары.

 «Адамдарға белгілі қоздырғышты жұқтыру әрдайым оңай шешім емес. Бірақ мұндай зерттеулер өте ақпараттылыққа ие. Коронавирусқа қарсы тиімді вакциналар мен терапияларды тезірек алу қажет», – деді профессор Питер Опэншоу.

Бағдарламаның тағы бір жетекші қатысушысы, Лондон императорлық колледжінің докторы Крис Чу оның командасы 10 жылдан бері басқа вирустармен осындай тәжірибелер жүргізіп келе жатқанын және ешқандай жағымсыз салдары болмағанын айтты.

Үкімет зерттеу жұмыстарына 33,6 миллион фунт стерлинг (шамамен 43,5 миллион доллар) бөлді.

Сондай-ақ оқыңыз