Трамп төңкеріс болатынын болжап отыр

Жарияланды
Егер сайлауда Джо Байден жеңіске жетсе

Егер демократтардың үміркері Джо Байден президенттік сайлауда жеңіске жетсе, елде революция орын алуы мүмкін, – деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

  «Ол әлсіз адам. Оны қуыршақ тәрізді басқарады. Бұл шиеленісті азайтпайды, керісінше олар (радикалды солшылдар) қаланы өз бақылауына алып, жеңіске жетеді. Бұл революцияға әкет соғады», – деді Трамп.

Трамп, сондай-ақ оларды АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге кінәлі деп отыр. 

Америка Құрама Штатында президент сайлауы 3 қарашаға жоспарланған. 

Сондай-ақ оқыңыз