Қытайда көмір шахтасында 16 кенші қаза тапты

Жарияланды
Бір адам құтқарылды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин ауданында көмір шахтасында болған апаттан 16 кенші қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Оқиға «Сунцзао» көмір шахтасында орын алған. Көміртегі тотығының концентрациясы нормадан асып кеткен, соның салдарынан 17 шахтер уланған. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды. 16 адам мерт болды, ауруханада медициналық көмек алған бір адам құтқарылды.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталуда.
 

Сондай-ақ оқыңыз