Анкара қаласын құмды дауыл басып қалды

Жарияланды
Дауыл салдарынан тұрғындар ауруханаға жүгінуде

Түркия астанасы Анкара қаласын құмды дауыл басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша Сауд Арабиясы шөлінен көтерілген шаңды бұлт Анкара қаласында жолда жүру, көру мүмкіндігін қиындатты.

Кей жерлерде тіпті қозғалысты тоқтатуға тура келді. Алапат дауыл небәрі жарты сағат ішінде бір шақырым аумақтағы көзге көрінетін жердің бәрін құммен және шаңмен басып қалған. Ауруханаларға Анкараның кем дегенде алты тұрғыны жүгінген.

 

Сондай-ақ оқыңыз