Алтыннан бетперде киген үнді кәсіпкері қайтыс болды

Жарияланды
4 мың доллар тұратын маска оны коронавирустан құтқармады

Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында тұратын Шанкар Кураде коронавирусты жұқтырып, пневмониядан қайтыс болды. 

Кәсіпкер ерекше маска киюінің арқасында танымал болды.

Күніне бір килограмға жуық алтын киюге дағдыланған 49 жастағы кәсіпкер оны коронавирустың алдын алу үшін салмағы 60 г алтын маскаға тапсырыс берген, оны жасауға 8 күн қажет болған. Маскаға ауа өткізетін тесіктер жасалды.

Мұндай маска 4 мың доллар тұрады.
 

Сондай-ақ оқыңыз