Ұлыбритания мектептері өз оқушыларын күтуде

Жарияланды
Барлық жастағы балалар қыркүйек айында мектепке оралады

Ұлыбритания министрлігі мектепте оқушылар арақашықтық пен гигиена ережелерін қатаң сақтайды, деп уәде етті. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Ұлыбритания министрлігі барлық жастағы балалардың қыркүйек айында мектепке оралатынын растады. Дәстүрлі оқу жылы ертерек басталатын Шотландияда мектептер ашылды.

 «Балалардың мектепке бармағаны, коронавирустан да зиян»,- деді үкіметтің денсаулық сақтау саласындағы жетекші кеңесшісі Крис Уитти. 

Ол «Ковид-19» -дан балалардың қайтыс болу мүмкіндігі елеусіз екенін атап өтті.

Уиттидің айтуынша, Ұлыбританияда коронавируспен күрес кем дегенде тағы тоғыз айға созылады.

Сондай-ақ оқыңыз