Коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы алғаш рет тіркелді

Гонконг тұрғыны 4,5 айдан кейін ауырып қалады

Фото: Syaibatul Hamdi Pixabay сайтынан

Гонконгтағы зерттеушілер COVID-19 коронавирусты  қайтадан жұқтырудың ықтимал алғашқы жағдайын анықтады. Ғалымдардың пікірінше, коронавируске қарсы иммунитет бірнеше айға созылады. Бұл туралы New York Times Гонконг университетінің ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

Олардың айтуынша, жас және дені сау пациент алғашқы инфекциядан кейін 4,5 айдан кейін екінші рет COVID-19-мен ауырды.

Мұндай деректер коронавирусқа қарсы иммунитет бірнеше айға созылатындығын білдіруі мүмкін.

АҚШ және басқа елдердің дәрігерлері COVID-19 жұқтырған деген күдік туындаған жағдайлардың кейбірін хабарлады, бірақ мұндай жағдайлардың ешқайсысы терең зерттеулермен расталған жоқ.

Бұған дейін сарапшылар SARS және MERS вирустары сияқты , COVID-19 коронавирусына да иммунитет ұзаққа созылады деген үміт білдірді.

Әлемде 23 637 420 адам  коронавирус жұқтырған. Олардың 813 415-і қайтыс болды, 16 132 767 адам жазылып шықты.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif