Бейруттағы жарылыс: қауіпсіздік қызметі Ливан билігін екі апта бұрын ескерткен

Жарияланды
Жойқын жарылыс 200-ден астам адамның өмірін қиды

Ливан билігі 200-ден астам адамның өмірін қиған жойқын жарылысқа дейін екі апта бұрын қаланың басты портында жарылғыш химиялық заттарды сақтаудың қауіпті екенін білді. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Ливанның арнайы қызметтері президент пен премьер-министрге 2,7 мың тонна аммиак селитрасы 20 шілдеде Бейрутты қиратуы мүмкін деп ескертті, деп хабарлайды Рейтер.

4 тамызда кешке Бейрутта 200-ден астам адам жарылыстың құрбаны болды, алты мыңға жуық адам жарақат алды. Жарылыс толқыны қала шегіндегі көптеген ғимараттарға айтарлықтай зиян келтірді, оқиға орнына жақын орналасқан ғимараттар толығымен қирады.

 

Сондай-ақ оқыңыз