Австралияда бір күн бұрын карантин режимінен шыққысы келген адамға айыппұл салынды

Бұл елде 17 адам індеттен қайтыс болды

Фото: Shutterstock

Австралиядағы кейбір мемлекеттік шекаралар коронавирус індетіне байланысты жабылды. Бұл туралы BBC сайты хабарлайды.

Австралияда карантиннің бітуіне бір күн қалғанда үйден шыққан үшін азаматқа 3,5 мың доллар айыппұл салынды.

Австралияның Солтүстік территориясының полициясы бір күн бұрын оқшауланудан шыққысы келген адамға 5000 доллар (шамамен 3500 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.

20 жастағы азамат ресми түрде шығарылу күніне бір күн қалғанда Дарвиндегі Ховард Спрингс карантиндік орталығынан кетуге тырысқан. Полиция оқиға орнында айыппұл салып, сол адамды қайтадан орталыққа жіберді.

Австралия коронавирустың екінші толқынын бақылауға алуға тырысуда, оның негізгі эпицентрі - елдің оңтүстік-шығысындағы Виктория штатында. Онда коронавирусқа байланысты 17 өлім туралы хабарланған. Бұл бүкіл пандемия кезіндегі ел үшін ең жоғары көрсеткіш.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif