Аргентинада коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді

Жарияланды
Тәулігіне 8713 адамда індет анықталған

Аргентина коронавирус инфекцияның жаңа рекордты санын тіркеді – тәулігіне 8 713адам. 381 науқас қайтыс болды. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Буэнос-Айресте және оның айналасында қатаң карантиндік шаралар қолданылғанымен, басқа аймақтарда инфекциялар көбейіп келеді, деді денсаулық сақтау министрі.

Джонс Хопкинстің айтуынша, жұқтырғандардың көп бөлігі Буэнос-Айрес провинциясында анықталған (5656). Жалпы, пандемия басталғаннан бері Аргентинада 350 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 7366 науқас қайтыс болды.

Аргентина да  Перу, Марокко және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірге Қытайдың Қытай Ұлттық Биотек тобы жасаған коронавирустық вакцинаны клиникалық зерттеулерге қатысуға шешім қабылдады.
 

Сондай-ақ оқыңыз