АҚШ-та 5 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған

Жарияланды
Бразилияда 100 мыңнан астам адам індеттен қайтыс болды

Америкада індетті жұқтырған американдықтардың саны 5 миллионнан асты. Ал Бразилияда Ковид-19 -дан қаза тапқандар саны 100 мыңнан асты. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Коронавирусты жұқтыру саны бойынша Америка Құрама Штаттары әлемде бірінші орында. 
Сонымен қатар, алғашқы үштікке 3 миллионнан астам вирус жұқтырған Бразилия және 2 миллионнан астам адамға Ковид-19 диагнозы қойылған Үндістан кіреді.

 Ал Ресей төртінші орында, 880 мың науқас тіркелген. 

Ресми мәліметтерге сәйкес, Ресейде соңғы бір тәулікте Ковид-19 диагнозынан 77 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 15 мыңға жуық.

Америка Құрама Штаттарында Нью-Йорк басқа штаттар алдында өзінің қайғылы көшбасшылығын жоғалтып алды: жұқтырғандардың көпшілігі Калифорнияда (554 мың), Флоридада (526 мың) және Техаста (шамамен 500 мың) кездеседі.

Дегенмен, барлық сарапшылар Ковид-19 індеті нақты саны ресми статистикаға қарағанда әлдеқайда жоғары екенін айтады. Өйткені жұқтырған адамдардың көпшілігі ауруды жеңіл немесе симтомсыз түрде ауырады.
Америка Құрама Штаттарында  – 160 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз