Иран ұлттық валютасының атауын өзгертеді

Жарияланды
Ескі купюралар мен монеталар екі жыл ішінде айналымнан алынады

Иран ұлттық валютасы риалды тұманға ауыстырады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Дүйсенбі күні ел парламенті ақша жүйесі және банктер туралы заңға түзетулер енгізді. Бір тұман 10 мың риалға тең болады.

Валютаны ауыстыру кезеңі екі жылға созылмақ. Осы уақыт ішінде үкімет біртіндеп ескі монеталар мен банкноттарды айналымнан алып, орнына жаңаларын шығарады.

Соңғы жылдары АҚШ санкцияларының салдарынан риал бағамы тұрақты түрде төмендеп кеткен. Сөйтіп, қара нарықта доллардың риалға шаққандағы бағамы 1: 150 мыңға жетті. 
 

Сондай-ақ оқыңыз