Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 20 доллардан төмендеді

Жарияланды
Бұндай құлдырау алғаш рет 2002 жылы орын алған

Маусым айындағы жеткізілім кезінде Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2002 жылдың ақпан айында алғаш рет бір баррелі 18,59 долларға дейін төмендеген болатын. Оған Нұр-Сұлтан уақытымен 15:30-да өткен сауда-саттығы кезінде келтірілген мәліметтер дәлел.

Бұрын хабарланғандай, тарихта алғаш рет солтүстік американдық WTI маркалы мұнайдың бағасы барреліне 40 долларға дейін төмендеді. Тіпті, мұнайдан құтылу үшін шикізат сатушылар сатып алушыларға ақша төлеуге дайын болды.

Еске салайық, аналитикалық несиелік рейтинг агенттігінің мәліметінше, WTI маркалы мұнай бағасының құлдырауына басты себеп фьючерстерінің мерзімі аяқталуы мен қоймалардың толып кетуіне байланысты болды.

Сондай-ақ оқыңыз