1 view

Еуропада экономикалық дағдарыс орын алуы мүмкін

Оның қуаты 2008 жылғы экономикалық дағдарыспен бірдей болмақ

Фото: Alexandros Michailidis / shutterstock

Еуропалық орталық банктің президенті Кристин Лагард егер ЕО елдері коронавирусқа қатысты шұғыл шаралар қабылдамаса, онда Еуропа 2008 жылғы дағдарыстан да  үлкен экономикалық күйзеліске ұшырайтынына сенімді. Бұл туралы Bloomberg басылымы жазды.

Кристин Лагард ЕО басшыларымен өткен конференция барысында “дер кезінде қолға алмасақ бізді  2008 жылғыдай  қаржылық дағдарыс күтіп тұр. Ал, егер уақытында шаралар қабылданса, соққы уақытша болуы мүмкін”-деді ол.

Сонымен қатар, төрайым Еуропалық орталық банктің басшылығы барлық қол жетімді құралдарды, әсіресе «өте аз шығындармен» қаржыландыруға және несиелер мен өтімділіктің үздіксіз ағынын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құралдарды зерттеп жатқандығын айтты. Осы аптада, 12 наурызда тағы бір жиналыс болады, оның барысында осы мәселе бойынша шешім қабылданады.

Лагардтың мәлімдемесінен кейін,  Еуропалық орталық банк ставкаларды төмендетіп, қолданыстағы сандық  бағдарламасының (QE) көлемін арттыруды көрсетуі мүмкін. Қаржы реттеушісі сонымен қатар банктерге арзан несиелер беру бағдарламаларын түзете алады.

10 наурызда Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте ECB-ны коронавирустың зардаптарына байланысты  экономиканы қолдау шараларын қабылдауға шақырды. Қазір Италияда  он мыңнан астам адамға COVID-19 диагнозы қойылған. Сондықтан бұл ел,  ең үлкен шығынға ұшырауда.

Лагард Италиядағы  экономикалық құлдырау басқа да Еуропа елдеріне де таралуы мүмкін екенін ескертті. 
«Егер біз қазір нақты шешім қабылдамасақ, экономикаларыңыздың жекелеген сегменттерінде дағдарыс қаупі артады», - деді Лагард Еуропа лидерлеріне.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер