Биыл «Құдай» деген фильм түсіріледі

Осы жылы түсірілетін фильмдердің тізімі бекітілді

Фото;Мәдениет және спорт министрлігі

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың жетекшілігімен мемлекет тарапынан қаржыландырылатын фильмдер тізімін бекітуге арналған ведомствоаралық комиссияның онлайн форматтағы қорытынды отырысы болды,-деп хабарлайды аталмыш министрліктің телеграм арнасы.

Бұл басқосу Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған екінші питчинг нәтижесінде өтіп отыр. Жалпы питчингке түскен 223 өтініштің ішінен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Кеңесі 88 жобаны мақұлдап, алғаш рет онлайнда өтіп жатқан  қорғауға жіберді.

Кеңес мүшелері кинематографистер жұмысының жан-жақтылығы мен жанрлар алуандығын тілге тиек етті.

Екінші питчингке даңқты ұшқыш Талғат Бигелдинов туралы «13-й непобедимый», «Штурмовик 13», Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Әди Шәріповке, танымал «Дос-Мұқасан» ансамбліне арналған туындылар мен драмеди (трагикомедияның телевизияға бейімделген нұсқасы) форматындағы «Билет из рая», «Адам и Алма» лирикалық комедиясы, «Аға», «Құдай» сынды өзге де фильмдер ұсынылған.

Аталған жобалардың 22-сі көркемдік, 18-і деректі, 8-і авторлық, 6-ы анимация, 9-ы қысқаметражды, 14-і тұсаукесер, 5-еуі халықаралық бірлескен, 3-еуі Абай  Құнанбайұлына арналған. Сонымен қоса «Алыстағы ағайын» деректі фильмдер конкурсы бойынша 3 туынды бар. Қазір бұл жобаның барлығы ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілді.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын фильмдер тізімін бекітуге арналған ведомствоаралық комиссия жобаларды ҚР Заң нормалары мен мемлекеттік мүддеге қайшы келмеуін негізге алады. Сонымен қатар комиссия жоба өндірісін асыра бағалауды болдырмас үшін жоспарланған қаржы соммасын да қайта қарайды.  

Ведомствоаралық комиссия құрамына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Парламент депутаттары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Білім және ғылым вице-министрі, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары мен өзге де мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін 10 адам кіреді.

Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» заңына сәйкес мемлекеттен қаржы бөлінетін фильмдер киножобаларды іріктеу арқылы жүргізіледі. Ал шешімді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Кеңесінің қорытындысы мен Ұлттық фильмдерді қаржылық қолдау бойынша ведомствоаралық комиссияның ұсынысымен жауапты мекеме қабылдайды.

banner_wsj.gif

Медициналық маска таңдаймыз: Dior әлде Lamborghini?

Әлемдік ірі компаниялар қазіргі сұранысқа сай өндіріс бағытын өзгертіп жатыр

Фото: Instagram.com/dior

Әлемдік сән үйлері қазір киім үлгілерін емес, бетперде тігуге көшті. Суретте – Dior компаниясының ерікті тігіншілері. «Dior осы күндері алдыңғы шепте жүргендерге қолдау көрсетіп, қорғауға тырасады», делінген компания хабарламасында.

Photo Lamborghini_0.png

Automobili Lamborghini хирургиялық бетперде мен медициналық қорғаныш құралдарын шығаруға көшті. Фото: Lamborghini

(AP Photo_Ariana Cubillos).jpg

Мына суретте Венесуэла арақ-шарап зауытының қызметкері антисептик құйылған бөтелкелерді тексеріп тұр. Венесуэланың ең ірі арақ-шарап зауыты - елдегі аз ғана жеке кәсіпорындардың бірі, бұл зауыт өндірісінің басым бөлігін антисептик шығаруға бейімдеді. (AP Photo / Ариана Кубильос)

фото IAI MBT SPACE DIVISION .jpg

Ал Израильде қорғаныс министрлігі мен Inovytec компаниясы зымыран зауытын жасанды желдету аппаратын шығаратын кәсіпорынға айналдырған. Фото: IAI MBT SPACE DIVISION 

(Photo by John F. Martin for General Motors).jpg

General Motors та жұмыс күшін қайта жасақтап, автокөлік емес, жеке қорғаныш құралдарын шығаруға басымдық беріп отыр. (Photo by John F. Martin for General Motors)

AP_20090401393547.jpg

Ал Арнедо (Солтүстік Испания) еріктілер өрт сөндіру құралдарын шығаратын фабрикада күні-түні жұмыс істеп жүр. Енді бұл жерде медициналық халат тігеді. (AP Photo / Alvaro Barrientos)

20200329_2_41612354_53470317.jpg

Түркияда сотталушылар медициналық бетперде тігіп, оны ауруханаларға жөнелтіп жатыр. Фото: Мустафа Мурат Кайнак /  Анадолу агенттігі

photo gettyimages.jpg
Бангладеш пандемияның әсерін енді-енді сезіп жатыр. Әлемдік сән үйлері пандемия кесірінен тапсырысты кейінге ысырып, тігіншілер жұмыссыз қалды. Жұмыс болмаған соң, еңбекақы да жоқ. Бангладештің тігін фабрикаларында 4,1 млн адам жұмыс істейді. Бұл ел - Қытайдан кейінгі ең ірі киім-кешек экспортері. Фото: Getty Images

r.jpg

Бангладеш тігіншілері Дакка қаласындағы фабрикада арнайы киім тігіп отыр. Бангладештің киім экспортерлері коронавирус пандемиясының кесірінен қазірдің өзінде $6 млрд шығынға ұшыраған. REUTERS / Mohammad Ponir Hossain

china-beijing-airport-coronavirus-GettyImages-1208191769.jpg
Қытай туристік компанияларының қызметкерлері Пекин халықаралық әуежайында міндетті түрде қорғаныш құралдарын киіп жүреді.  KEVIN FRAYER / GETTY IMAGES

https---s3-ap-northeast-1.amazonaws.com-psh-ex-ftnikkei-3937bb4-images-6-3-7-8-25068736-1-eng-GB-surgical production.jpg

Қытай медициналық бетперде шығаруды мықтап қолға алды, өйткені оған деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Фото: Reuters 

30sgreenhouseWeb-superJumbo.jpg

Детройт қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі вирус таралуының алдын алу үшін үнемі бетперде мен қолғап киеді. Фото: Seth Herald/Agence France-Presse — Getty Images

Sean Gallup _ Getty Images.jpg

DHL компаниясының қызметкерлері коронавирусты анықтауға арналған тестті жеткізіп жүр. Фото: Sean Gallup / Getty Images

@flymoyes.jpg

Дельтаплан шығаратын Moyes Delta Gliders компаниясы қызметкерлерінің қазіргі жұмыс киімі осындай. Фото: flymoyes

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер