Netflix акциялары 15 пайызға қымбаттауы мүмкін

Жарияланды
«Фридом Финанс» сарапшылары осындай болжам жасап отыр

Netflix  бағалы қағаздары (тикер: NFLX) –  қарқынды дамып келе жатқан сандық ойын-сауық сегментіне тартымды инвестиция салу құралы дейді «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының сарапшылары. Олардың пайымдауынша,  аталмыш компания акцияларының құны 566,18 доллардан 650 долларға дейін өсуі ықтимал. 

Netflix  –әлемдегі ең ірі  стриминг-қызмет, оны 209,2 миллион абонент пайдаланады. Компания кірісінің шамамен 44%-ын АҚШ пен Канада тұрғындары қамтамасыз етіп отыр. Netflix COVID-19 пандемиясы кезінде негізгі бенефициардың біріне айналды. 2020 жылы жазылушылар базасы рекордтық өсім көрсетіп, 167,1 миллионнан 203,7 миллионға жетті. Одан кейін аудитория өсімі біршама баяулағаны байқалды: 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың қатары бар-жоғы 5,5 миллионға көбейген.  Басты себебі – потенциалды жазылушылар пандемияның шарықтау кезеңінде жазылып үлгерген, ал компания жаңа көрермендерді тартуы үшін контентін толықтыруы, жаңартуы керек. 

Қазіргі кезде сериалдар мен фильмдердің түсірілімі қалыпты режимде жүріп жатыр, бірақ 2020 жылы кино өндірісі тоқтап қалуы себепті, көптеген маңызды сериалдар мен фильмдердің шығарылымдары кейінге қалдырылып, бұл өз кезегінде аудиторияның көбею қарқынына теріс әсер етті. Нәтижесінде бір жылдан бері компания акциялары   $460-590 аралығында саудаланып келеді. Бірақ «Фридом Финанс» ИК сарапшыларының айтуынша, күзде жаңа баға қалыптасуы әбден мүмкін. 

Алдағы алты айға жоспарланған, көптен күткен танымал сериалдардың  жарыққа шығуы абоненттер мен акция базасының өсу катализаторы бомақ. Сонымен, 3 қыркүйекте Еуропа мен испан тілді елдерде танымал «La casa de papel» (Қағаз үй) сериалы жаңа маусымының премьерасы өтті. Ал 17 қыркүйекте британдық танымал сериалдың жалғасы көрерменге жол тартады. 
Инвестаналитиктер осы шығарылымдардың арқасында  алдағы уақытта Netflix аудиториясының негізгі өсімін еуропалық бизнес сегменті қамтамасыз етеді деп санайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл мықты маусым болғандықтан, III тоқсанда жазылушылар санын 3,8–3,9 миллионға артатыны туралы болжам барынша сақтықпен жасалған. Соңғы үш жылдағы шілде-қыркүйек айларында аудитория орта есеппен 5 миллионға өсіп отырған.   Егер 2018-2019 жылдағы осы кезеңді қарастырсақ, бұл көрсеткіш 6,5 миллионға жеткен. 

2021 жылдың IV тоқсанында маусымдық факторлар және «Сен», «Ведьмак» сынды сериалдар жалғасын табуы аудитория өсімін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, стримдік қызметте көрермендер көптен күткен фильмдердің премьерасы болады. Олардың арасында Райан Рейнольдс, Дуэйн Джонсон және Галь Гадот түскен  фильм,  Леонардо Ди Каприо мен Дженнифер Лоуренс ойнаған «Жоғары қарама» киносы бар.Инвесторлар қазан-желтоқсан айларында компания 8,5 миллионға жуық жазылушы тарта алады деп үміттенеді.

Осылайша, 2021 жылдың аяғында Netflix аудиториясы 221 миллионнан асуы мүмкін. Соңғы бірнеше айда инвесторлар Netflix-тің жеке мобильді ойындарды дамыту жоспарын жан-жақты талқылар жатыр. Менеджмент берген түсініктемеге сәйкес, бұл бағыт жазылым құнына қосылады, сондықтан қосымша кіріс түспейді. Ойындар негізінен аудиторияны ұстап тұру үшін қолданылады.   Дегенмен, Fredom Finance талдаушылары болашақта  бұл ойындарды тікелей монетизациялау мүмкіндігін жоққа шығармайды. 2020 жылы жазылушылар санының күрт өсуі стриминг-қызметтің қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етті. Көптеген жылдар бойы компания түсірілім мен контент сатып алуға инвестиция салғандықтан, теріс бос ақша ағыны(FCF) қалыптасып, Netflix-ті облигация шығаруға мәжбүр еткен еді. Алайда былтыр жағдай күрт жақсарды. 2021 жыл қорытындысы бойынша, FCF нөлге жақындап, ал 2022 жылдан бастап оң көрсеткеткішке ие болып, компанияның қосымша қарыз алу қажеті болмайды. Сонымен қатар, 2021 жылдың I тоқсанында менеджмент $5 млрд сомаға акцияларын кері сатып алу бағдарламасының іске қосылғанын хабарлады.

Netflix басшылығының айтуынша, аудитория белсенділігі жоғары. Бірқатар елдерде жазылу құнының қымбаттауына қарамастан, пайдаланушылардың кері ағыны аса үлкен емес. Стриминг-қызметтерге сұраныс өте жоғары болып қала береді, оны Netflix-тің Disney+, HBO Max, Paramount+ сынды бәсекелестері де растайды. «Фридом Финанс» сарапшыларының бағалауынша, келер бірнеше жылда сектордың бірқатар ірі ойыншылары, тұрақты даму мүмкіндігіне ие болады. Өйткені әр үй орта есеппен бір уақытта әр түрлі стриминг-қызметке 2-4 жазылым сатып алуға бейім. Осы факторларды ескере отырып, жыл соңына дейін nflx акциялары 650 долларға жетуі мүмкін. 
 

Сондай-ақ оқыңыз