NASDAQ индексі алғаш рет 15 мыңдық межеден асып түсті

Жарияланды
Apple и Microsoft акцияларының арзандағанына қарамастан, технологиялық индекс рекорд орнатты

АҚШ-тың негізгі индекстері сейсенбі күні өсім көрсетіп, NASDAQ и S&P 500 жаңа межені бағындырды. Өсімге ықпал еткен – дүйсенбі күні Pfizer и BioNTech вакциналарының толық мақұлдануы. Сонымен қатар инвесторлар ФРЖ төрағасы Джером Пауэлдің жұма күнгі мәлімдемесін күтіп отыр.

NASDAQ технологиялық индексі 0,52% қосып, 15 019,80 пунктке жетті. Ірі екі компанияның акциялары арзандағанына қарамастан, индекс бұл межеден алғаш рет асып түсті. 

Apple  акциялары 0,1%-ға, яғни $149,62 дейін арзандаса, ал Microsoft акциялары 0,7% құнсызданып, $302,62 дейін түскен.  NASDAQ 100-ге кіретін 55 компанияның акциялары өсім көрсеткен. Pinduoduo, JD.Com, NetEase өсім жағынан көш бастап тұрса,  Moderna, Analog Devices, Maxim Integrated Products компанияларының акциялары арзандаған. 

Көп нарықты қамтитын S&P 500  индексі 0,15% өсіп, 4 486,23 пунктке жетті. Экономиканың 11 секторының алтауы жағымды динамика көрсеткен. Энергетика, шикізат, тауар нарығында ең жоғары өсім тіркелсе, коммуналдық сектор мен жылжымайтын мүлік нарығының көрсеткіштері төмендеген.  
Dow Jones өндірістік индексі  0,086% өсіп,  35 366,26 пунктқа жеткен. Индекстегі 30 компоненттің 16-сы өсім көрсеткен. 

Dow, Goldman Sachs, Caterpillar көш бастап тұрса, Johnson & Johnson, Walmart, Home Depot акциялары арзандаған. Stoxx Europe 600 индексі 0,1% төмендесе, Лондондық FTSE 100 индексі 0,2%-ға өскен. Азияның Hang Seng индексі 2,5% өссе, Shanghai Composite 1,1%-ға артып, жапондық Nikkei 225 0,9 пайыз өсім көрсеткен.

MarketWatch хабарлауынша, UBS Private Wealth Management басқарушы директоры және бас портфель менеджері Грег Маркус экономиканың қайта жандана бастауына байланысты, адамдар бағалы қағаздарға инвестиция сала бастағанын айтқан.  Сондай-ақ, инвесторлар энергетика және қаржы секторын тартымды деген ойда.  

Caxton FX аға сарапшысы Майкл Браунның айтуынша, 50 күндік жыжымалы көрсеткішті «мықтылар» қорғап тұр, есесіне нарық тарихи көрсеткіштерді жаңартып жатыр. Мәселен S & P 500 сейсенбіде биылғы елуінші рекордын жаңартқан. 

New York Life Investments экономисті Лорен Гудвиннің айтуынша, Сovid-19 дельта штаммы экономика өсіміне кері әсер ететін негізі фактор болып қала бермек, короновирусқа қатысты жағдай қазынашылық және ипотекалық бағалы қағаздардың ай сайынғы сатылымының қысқаруына әсер етеді. 

АҚШ-тың экономикалық  көрсеткіштеріне сәйкес, жаңа үйлердің сатылымы жылдық есепте 1%-ға, 708 мыңға дейін өскен. Былтырмен салыстырғанда сатылым 27 пайызға төмендеп кеткен.  MarketWatch сұхбат берген экономистер шілде айында жылдық сатылым 700 мың деңгейінде қалыптасады деп болжам жасаған. 

Қандай компаниялар басты назарда болды? 

  • Тоқсандық нәтиже мен киберқауіпсіздік туралы болжам Уолл-стриттің күткенінен де асып түскеннен кейін, Palo Alto акциялары 18,6%-ға өсті.
  • Бөлшек саудада электроника сататын компания екінші тоқсанда тапқан табысы өздері күткеннен асып түсіп, жылдық сатылымға қатысты болжамын қайта қарағанын хабарлағаннан кейін, Best Buy қағаздары 8,3%-ға өскен. 
  • Медициналық жабдық өндіретін Medtronic өздері күткеннен де мол табыс тапқанын хабарлап еді, акциялары 3,2%-ға қымбатты.
  • Сақтандырушылар Morgan Stanley және JPMorgan Chase Bank- $2 млрд сомаға акция сатып алу туралы келісім жасағанын мәлімдегені сол еді, Cigna Corp компаниясының акциялары 2%-ға қымбаттады.

Айта кетейік, NASDAQ, S&P 500 және Dow Jones индекстері  бұл аптаны 0,6%-дан 1,55%-ға дейінгі өсіммен бастады. Инвесторлардың пікірінше, ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл монетарлық саясатқа қатысты позициясы жұмсақ болмақ. Ол жұма күні Джексон Хоулда мәлімдеме жасайды.  
 

Сондай-ақ оқыңыз