Morgan Stanley Freedom Holding-тегі үлесін арттырды

Жарияланды
Конгломерат FRHC компаниясының ірі акционерлері қатарына енді

Morgan Stanley  қаржы конглемараты 2021 жылдың ІІ тоқсанында Freedom Holding Corp.-ның 204 938 акциясын сатып алып, өз үлесін 3 мың есе арттырды. Бірінші тоқсанда компания бар-жоғы 69 акцияға иелік еткен еді. Осылайша Morgan Stanley FRНC бағалы қағаздарының институционалды иегерлері арасында екінші орынға шықты. 

Freedom Holding Corp акцияларының есепті кезеңдегі ең ірі иегері – Two Sigma Investments хедж-фонды тағы да  399 910 қағаз сатып алып, өз үлесін 441 923 акцияға дейін жеткізді. Актив басқарумен айналысатын Penserra Capital Management  компаниясы 115 601 акция сатып алған. 

Ал D.E.Shaw & Co. өз үлесін 4 317 акциядан 78 255-ке дейін көбейтті. Voloridge Investment Management инвесткомпаниясы  35 693 акция сатып алып, акцияларының жалпы санын 52 114-ке дейін жеткізді. Freedom Holding Corp акцияларын сатып алушылардың ТОП-ондығына: Jump Financial (+31 300 акция), Schonfeld Strategic Advisors (+29 100), Deutsche Asset Management Americas (+27 987), Susquehanna International Group (+25 130), Advisor Group (+23 904) сынды компаниялар кіреді. 

Бұл ретте Renaissance Technologies өз үлесін 33%-ға (-176 759) қысқартып, қазіргі кезде 359 127 акцияға иелік етіп отыр. Бағалы қағаздарын сатқан корпорациялар арасында Citadel Advisors (-81 395), New Jersey Investment Division (-42 875), BlackRock Institutional Trust (-42 886), The Vanguard Group (-40 286), Goldman Sachs & Company (-40 068), California Public Employees’ Retirement (-32 000), Jane Street capital (-30 702), Millennium Management (-29 192), Seb Investment Management (-24 100) бар.

Айта кету керек, есепті кезеңде институционалды инвесторлар сатқан қағаздардан сатып алынған акциялардың үлесі басым. ТОП-ондыққа кіретін сатып алушылар жалпы саны  967 501 акция сатып алса, ал ірі сатушылар 540 243 акциясын сатқан. 

morgan-stanley-uvelichil-dolyu-vo-freedom-holding (2).jpg

Freedom Holding IPO-ға 2019 жылдың 15 қазанында шықты. 2021 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша, компания акциялары төрт есе: $14,2-дан –$60,25-ға дейін өсіп, капиталы $3,6 млрд құрады.

Freedom Holding Corp. 2021 жылдың 30 маусымында аяқталған 2022 қаржылық жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша, таза пайдасын екі есе арттырып, $52 млн-ға дейін жеткізген. Былтыр дәл осы кезеңдегі таза табысы 24 млн доллардан асқан. 

Бұған дейін S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Freedom Holding Corp еншілес компанияларына ұзақ мерзімді міндеттемелер эмитентінің «B» деңгейіндегі рейтингін растағаны хабарланған еді.  Freedom Finance Europe Ltd. және Freedom Finance Global PLС бойынша болжам – «Тұрақты».  Екі компанияның қысқа мерзімді міндеттемелер эмитентінің кредиттік рейтингі де «B» деңгейінде расталды.

Freedom Holding Corp. бұл – қаржы қызметі, бөлшек брокерлік операциялар, инвестициялар мәселелері бойынша консультация беру, бағалы қағаздардың сауда-саттығы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді өзінің «Freedom Finance» еншілес компаниясы арқылы жүзеге асыратын холдинг. Компания Қазақстан қор биржасының (KASE), Astana International Exchange (AIX), Мәскеу биржасының (MOEX), Санкт-Петербург биржасының (SPB), «Тошкент» Республикалық қор биржасының (UZSE) және Украина биржасының кәсіби қатысушысы болып табылады. Компанияның бас офисі Қазақстанда, Алматы қаласында орналасқан, ал оның әкімшілік офистері Ресей мен АҚШ-та орналасқан. Компанияның Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Германия және Кипрде филиалдары бар.

Қазіргі кезде холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market биржасында, Қазақстан қор биржасында және Санкт-Петербург биржасында саудаланады. 

Morgan Stanley – 1935 жылы құрылған қаржы конгломераты. Компанияда 60 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Morgan Stanley қызметінің негізгі бағыттарына: бірігу және қол астына кіру мәселері бойынша кеңес, акциялар мен облигацияларды орналастыру, қор және басқа биржаларда сауда жасау, активтерді басқару кіреді.  Компания  жалпы құны $130,9 млрд портфельді басқарады.
 

Сондай-ақ оқыңыз